ЕЛІМІЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСҚА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Бауржан Шериязданов ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты Автор

DOI:

https://doi.org/10.71191/centerasia2024.v64.n2.017

Кілт сөздер:

саяси дәстүрлер; ұлттық идеология; демократияландыру; саяси мәдениет; демократиялық реформалар; саяси жүйе; саяси коммуникация; әлеуметтік медиа; Интернет.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның саяси мәдениетінің ерекшеліктерін жаңа саяси реформалар мен қоғамды демократияландырумен байланыстыруға талпыныс жасалған. Саяси реформалар еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі конституциялық, әлеуметтік-экономикалық, сот-құқықтық және басқа да өзгерістермен тығыз байланысты екені баса айтылады. Мақалада саяси мәдениеттің тиісті деңгейімен қамтамасыз етілетін азаматтық қоғамның қолдауы атап өтілген.

Бұл зерттеу саяси мәдениеттің тұжырымдамасын оның теориялық және концептуалдық аспектілеріне сүйене отырып қарастырады. Саяси ғылымда ғалымдардың жасаған зерттеу жұмыстары негізінде ұсынылған “саяси мәдениет” теориясына түсіндірмелер беріледі. Саяси мәдениеттің саяси жүйенің институционалдық аспектілеріне әсері, сондай-ақ оның саяси билікті заңдастырудағы және азаматтарды әлеуметтендірудегі рөлі талданады. 

 Мақалада республиканың көпұлтты, көпконфессиялық, аймақтық және басқа да ерекшеліктерімен сипатталатын менталитет, көпмәдениеттілік ескеріле отырып, саяси мәдениеттің дамуының негізгі кезеңдері тарихи даму контекстінде қарастырылады.

Заманауи технологиялардың дамуымен билік пен қоғам арасындағы диалог барған сайын цифрлық форматқа өтуде. Мақалада кері байланыс мүмкіндіктері, азаматтардың онлайн қатысуының әртүрлі нысандары, билік имиджі мен саяси коммуникация сапасының өзгеруіне әкелетін заманауи әлеуметтік желілердің ықпалының жылдам күшеюі көрсетілген.

Топтастыра келе, саяси жүйенің тұрақтылығын сақтаудағы әлеуметтік топтардың мінез-құлық рөлі мен қазақстандықтардың толерантты саяси мәдениетіне негізделген саяси қоғамдастықтың ымыраға келуіне қорытынды жасалады.

Автор өмірбаяны

  • Бауржан Шериязданов, ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты

    ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдары кандидаты

Әдебиеттер тізімі

Әлішерова, А.Б. Төлен Ж.М. Саяси мәдениет ұғымы және оның теориялық-концептуалдық аспектісі // Адам әлемі. – 2024. – №3 (101). – Б. 102-112.)

Қ.-Ж. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 02.09. 2019 ж. және 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» халыққа жолдауы

Дрожкин Ю, Игбаев Р, «Роль политических традиций в современном политическом режиме республики Казахстан; Власть 2009,`№ 10 с.133)

Карабекова Ж. Развитие политической культуры Казахстана https://e-history.kz/ru/library/show/2424016, б. 69].

Модернизация общественно-политических отношений в контексте концепции “Слышащего государства”: монография. – Нур-Султан, Особенности политической коммуникации между властью и обществом в Казахстане в условиях цифровизации 100 АДАМ ӘЛЕМІ №3 (101) 2024, қыркүйек 2020. – 260 с.

Реализация концепции «слышащего государства» в Казахстане. Подготовлено Отделом стратегического анализа КИСИ при Президенте РК // [Электронный ресурс] URL: https://kisi. kz/ru/realizachiya-konchepchii-slyshashhegogosudarstva- v-kazahstane/ (Дата обращения 05.09.2023)

Закон РК о внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам общественного контроля, совершенствования административных процедур (с изменениями от 27.04.2024 г. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32934713)

Проект грантового финансирования Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2020-2022 гг. АР 08857524 «Протестный потенциал в Казахстане: особенности, факторы и тренды» // [Электронный ресурс] URL: https://www.kaznu.kz/ru/25263/page/ (Дата обращения 12.11.2023)

Жунусова А.К., Басыгариева Ж.А., Особенности политической коммуникации между властью и обществом в Казахстане в условиях цифровизации // Адам әлемі. – 2024. – №3(101). – С. 88-101.].

Кадыржанов Р.К., Туякбаев Т.С.; «Гражданские и этнонациональные восприятия информационных воздействий на массовое сознание казахстана»; Адам әлемі. – 2025.– №1(103). – С. 59-69.

Выступление Главы государства К. Токаева на третьем заседании Национального курултая «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» // [Электронный ресурс] URL: https://www.akorda.kz/ru/ vystuplenieglavy-gosudarstva-ktokaevana-tretemzasedaniinacionalnogo-kurultaya-1525116 (Дата обращения 05.09.2023)

Тукумов Е.В., Нурша А.К., Жолдыбалина А.С., Сакуов Н.Н, Назарбетова А.К., М.Б. Жиенбаев. Казахстан-2023: тенденции настоящего и контуры будущего. Коллективная монография. – Астана: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2023. – 294 с.

Об утверждении Информационной доктрины Республики Казахстан от 20 марта 2023 года № 145 https://akorda.kz/ru/ob-utverzhdenii-informacionnoy-doktriny-respubliki-kazahstan-2025248

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді 2025 жылғы 05 маусым; https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulttyk-kauipsizdik-komitetinin-basshylyk-kuramymen-zhiyn-otkizdi-552456

Жүктеулер

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар