Жариялау этикасы
ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Журналдың редакция алқасы өз қызметінде ғылыми басылымдардың халықаралық этика стандарттарын және Ғылыми жарияланым этикасы жөніндегі комитет (Committee on Publication Ethics, COPE) әзірлеген Ғылыми жарияланымдардың этикалық кодексін басшылыққа алады.
Редакторлардың этикалық қағидаттары:
Журнал редакторлары ұсынылған қолжазбаларды жариялау туралы шешімді олардың ғылыми маңыздылығы, жаңашылдығы, журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі және рецензиялау нәтижелері негізінде қабылдайды. Мақаланы жариялау жөнінде шешім қабылдау барысында редактор тек қолжазбаның ғылыми құндылығын басшылыққа алады және авторды қандай да бір белгісі бойынша кемсітпейді.
Редакторлар жарияланым этикасының қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге, соның ішінде плагиаттың және деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың алдын алуға міндетті.
Ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтау – редакцияның негізгі қағидаттарының бірі.
Редакциялық алқа мүшелері автор немесе авторлармен мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаны рецензиялаудан бас тартуға міндетті.
Авторлардың этикалық қағидаттары:
Автор(лар) ұсынылған материалдардың түпнұсқалығы мен ғылыми дәйектілігіне жауап береді.
Автор(лар) мақалада келтірілген зерттеу нәтижелерінің дербес әрі түпнұсқа жұмыс екеніне кепілдік береді;
Автор(лар) редакцияға ұсынылған қолжазбаның өзге басылымдарға қарауға ұсынылмағанын растайды.
Автор(лар) зерттеу барысында пайдаланылған ғылыми және өзге де дереккөздерді дұрыс әрі нақты көрсетуге міндеттеледі;
Мақаланың барлық авторлары қолжазбаның мазмұнына жауап береді.
Рецензенттердің этикалық қағитаттары:
Рецензент қолжазбаларды құпия құжат ретінде қарастыруы керек;
Рецензиялауды объективті және дәлелді түрде жүргізу;
Мүдделер қақтығысы болған кезде рецензиялаудан бас тарту және егер өзін қолжазба ұсынылған ғылым саласында жеткілікті білікті емес деп санаса, рецензент оны рецензиялаудан босату туралы өтініш жасауға құқылы.
Open content is licensed under the CC-BY