Журнал туралы

«Journal of Central Asian History, Culture and Politics» ғылыми журналын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі шығарады.
Журнал 2024 жылғы 23 тамызда ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген, тіркеу куәлігі № KZ44VPY00099147.
Журналда материалдар үш тілде (қазақ, ағылшын және орыс) жарияланады:
– түпнұсқа зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалған ғылыми мақалалар;
– белгілі бір тақырып бойынша академиялық білімнің қазіргі жағдайы қорытылған шолу мақалалары;
– кітаптың құндылығы, мазмұны мен маңызы сыни тұрғыдан талданған рецензиялар.
Журнал жылына 4 рет шығарылады. 
Журналда материалды жариялау тегін.
Журналдың мақсаты мен тақырыптық бағыттары – Орталық Азия елдерінің тарихы мен тарихи процестері, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау және ілгерілету.
Жарияланымдардың ауқымына бағдарлану келесі мамандықтар бойынша: Тарих ғылымдары; Саяси ғылымдар; Әлеуметтану және мәдениет.