Материалдарды жіберу
Авторларға арналған нұсқаулық
Жариялаудың бір реттілігі. Автор (автор-корреспондент) редакцияға ұсынылған мақаланың басқа басылымдарға қарау үшін ұсынылмағандығына кепілдік береді. Мақаланы бірнеше журналдар мен басылымдарға бір уақытта ұсыну қабылданбайды және жариялау этикасының принциптері, стандарттары мен нормаларын айқын бұзу болып табылады. Мұндай бұзушылықтарға келесідей мысалдар қамтиды: бір мақаланы екі немесе одан да көп басылымдарға бір уақытта ұсыну, редакцияны хабарландырусыз бұрын жарияланған материалды жариялау, бастапқы көзді көрсетпей мақаланың аударылған нұсқаларын пайдалану.
Қолжазбаның авторлығы. Мақаланы дайындауға зор интеллектуалдық үлес қосқан тұлға (екі немесе одан да көп авторлар болған жағдайда) авторлар тізімінде бірінші болып көрсетіледі. Әрбір қолжазба үшін жауапты автор (автор-корреспондент) тағайындалуы тиіс. Бұл автор қолжазбаның соңғы нұсқасын дайындауға, редакциялық алқамен байланыс орнатуға жауап береді. Сонымен қатар, ол зерттеуге қатысқан барлық қатысушылардың (егер авторлар саны көп болса) авторлар тізіміне енгізілуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ қолжазбаның соңғы нұсқасын жариялауға ұсынбас бұрын барлық авторлардан мақұлдау алуы қажет. Мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына толық жауапты.
Түпнұсқалық принципі.
Автор (немесе автор-корреспондент) мақалада баяндалған зерттеу нәтижелерінің түпнұсқа және дербес жұмыс екеніне, сондай-ақ қолжазбаның плагиат немесе рұқсатсыз көшірмелерді қамтымайтынына кепілдік береді. Мұндай бұзушылықтар қолжазбаны плагиатты анықтау жүйесі арқылы анықталуы мүмкін.
- Автор (немесе автор-корреспондент) этикалық нормаларға қайшы әрекеттерге жол бермеуге толық жауапты. Оларға плагиат, автоплагиат (бұрын жарияланған жұмысты жаңа жұмыс деп көрсету), фальсификация, фабрикация, ақпаратты бұрмалау, жалған авторлық, көшірме жасау, мүдделер қақтығысы және алдау әрекеттері жатады. Мұндай сипаттағы қолжазбаларды жариялауға жол берілмейді және автор осы талаптардың сақталуына жауап береді.
Дереккөздерді растау принципі. Автор (немесе автор-корреспондент) зерттеу барысында пайдаланған ғылыми және басқа да дереккөздерді дұрыс көрсетуге міндетті болады. Басқа авторлардың еңбектерінің кейбір бөліктерін немесе басқа авторлардың мәлімдемелерін қолжазбада пайдаланған жағдайда, бастапқы дереккөздің авторларын көрсету арқылы библиографиялық сілтемелер көрсетілуі тиіс. Жабық дерекқорлардан немесе архивтерден алынған дереккөздерді пайдаланған жағдайда, авторлар олардың толық атауын, қол жеткізу датасын және қолжетімді мәліметтерін (жазба нөмірі, архивтік нөмір және т.б.) көрсетуге міндетті болады. Бұл дереккөздерге ашық қолжетімділік берілмесе, рецензенттерге материалдардың көшірмелерін қосу ұсынылады. Библиографиялық сілтемелер бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс, ал сенімді емес дереккөздерден алынған ақпараттар алып тасталуы керек.
- Егер рецензенттерде, техникалық редакторда немесе журнал редакциялық алқасының мүшелерінде зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалығы мен дұрыстығына қатысты күмәндар туындаса, автор (немесе автор-корреспондент) қолжазбада көрсетілген нәтижелерді немесе фактілерді растау үшін қосымша материалдар ұсынуға міндетті болады.
Жариялау процесінде қателіктерді түзету.
Жариялау процесінің кез келген кезеңінде жұмыста қателіктер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда, автор (немесе автор-корреспондент) бұл туралы техникалық редакторға жедел түрде хабарласып, қателіктерді жою немесе түзетуге көмек көрсетуге міндетті болады. Қателіктерді түзету бойынша сәйкес түзетулер мен пікірлер журналдың сайтында жариялануы тиіс. Егер түзетуге келмейтін елеулі қателіктер анықталса, автор (немесе автор-корреспондент) қолжазбаны кері қайтаруға міндетті.
Жариялау этикасын сақтау принципі. Автор (немесе автор-корреспондент) зерттеулерге қатысты сын-пікірлер мен ескертулер кезінде этикалық нормаларды сақтауға, сондай-ақ рецензиялау және жариялау үдерісінде редакциямен өзара әрекеттесуге міндетті. Авторлар тарапынан этикалық принциптердің сақталмауы жариялау этикасының өрескел бұзушылығы ретінде қарастырылады және қолжазбаны рецензиялау немесе жариялаудан бас тартуға не бұрын жарияланған материалды кері қайтаруға (ретракциялауға) негіз бола алады.
ҚОЛЖАЗБАНЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
«Journal of Central Asian History, Culture and Politics» » ғылыми журналында материалдарды жариялау платформаны, онлайн-ұсыну жүйесін және сараптамалық бағалауды қолдана отырып жүзеге асырылады. Платформаға тіркелу және оған қол жеткізу «Материал жіберу» бөлімінде орындалады. Мақаланы тіркеу кезінде міндетті талап ретінде метадеректерді үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) толтыру қажет, соның ішінде мақаланың атауы, аңдатпасын, түйін сөздер, авторлардың толық аты-жөні, жұмыс орны және электрондық пошта кіреді. Сонымен қатар, авторлар туралы толық ақпаратты сол үш тілде бөлек бетте ұсыну қажет, бұл DOI-нөмір алу үшін міндетті шарт болып табылады. Мақала төменде сипатталған талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс. Егер материалдарды жіберу платформасына қол жеткізуде қиындықтар туындаса, журналдың сайтында көрсетілген электрондық пошта арқылы техникалық редактормен байланысу ұсынылады.
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ҒТАХР коды – ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы бірінші беттің сол жақ жоғары бөлігіне қойылады; ҒТАХР кодын grnti.ru арқылы көрсетіңіз.
Мақаланың атауы – мазмұнына, зерттеу тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
Авторлар туралы мәліметтер –
автордың (авторлардың) аты және тегі, жұмыс немесе оқу орны, қала, ел, сондай-ақ email және ORCID iD (https://orcid.org/ ) қамтуы тиіс. «*» белгімен автор-корреспондент белгіленеді.
Аңдатпа – қолжазбаның мәні, қолданылған зерттеу әдістері, ең маңызды нәтижелері және олардың маңызы қысқаша баяндалады. Аңдатпа көлемі 100-200 сөзден тұрады.
Түйін сөздер – қолжазбаның пәндік саласын анықтауға болатын мәтіндік белгілер. Кілт сөздердің саны 3-тен 7-ге дейін.
Мақала атауы, аңдатпа және түйін сөздер үш тілде (ағылшын, қазақ, орыс) рәсімделеді.
Кіріспе – тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінің қысқаша баяндалуы. Тақырып бойынша соңғы онжылдықта ұқсас немесе жақын зерттеулер жүргізілген, зерттеу мақсаты тұжырымдалған отандық және шетелдік авторлардың негізгі жұмыстарын сипаттау.
Зерттеу әдістері – зерттеу материалдары, материалдарды жинау және талдау процедуралары және этикалық аспектілер туралы баяндау. Мəліметтерді талдау əдістерінің сипаттамасы жəне олардың негіздемесі турады баяндау. Мақала жазу барысында қандай əдістер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері – аталдау барысында алынған нәтижелерді көрсету.
Нәтижелерді талқылау – алынған зерттеу нәтижелерін интерпретациялау және сыни талдау.
Қорытындылар (қорытынды) –жұмыстың қорытындысын шығару, алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсыныстар мен әрі қарай жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттарын айқындау.
Зерттеулерді қаржыландыру көзі – мемлекеттік мекемелер, қорлар, жеке тұлғалар және т.б. қаржылық қолдаумен жүргізілген болса, қолданылған әдебиеттер тізімінен бұрын олардың толық атауын көрсету қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі – қазақ (орыс) тілінде және ағылшын транслитерациясында ұсынылуы тиіс. Мұны http://translit.ru/ сайтында көрсетілген бағдарламаның көмегімен жасауға болады. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу және дәйексөз Чикаго стиліне сәйкес жасалады (Chicago Manual of Style (author/date). Мысалы:
- Мәтінде сілтемелер дөңгелек жақшада (), автордың тегі мен жарияланған жылы, қажет болған жағдайда парақ көрсетіледі.
- Библиографиялық тізім мақаланың соңында алфавиттік тәртіппен, нөмірленбей беріледі.
Толық нұсқаулық журналдың сайтында қолжетімді.
Жұмыстың түпнұсқалық көрсеткіші 80% кем болмауы қажет.
– Антиплагиаттан айналып өту тәсілдерін: формула сөздер, қазақ/орыс әріптерін латын әріптерімен ауыстыру және т.с.с. қолдануға тыйым салынады. Бұл бұзушылықтар бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен анықталады және мақала қайта өңдеуге қайтарылады.
– Қолжазба бұрын жарияланбаған және басқа басылымда қарастыруға және жариялауға ұсынылмаған болуы керек.
ҚОЛЖАЗБАНЫҢ КӨЛЕМІ:
Журналда келесі талаптарға сәйкес келетін қолжазбалар жарияланады:
- ғылыми мақаланың көлемі (атауы, аңдатпаны, авторлар туралы мəліметтерді жəне əдебиеттер тізімін есептемегенде) 3000-6000 сөз
- Ғылыми әдебиеттерге шолу 500-800 сөзді құрайды;
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Мақала төменде сипатталған талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс:
Мақала электронды форматта (.doc, .docx, .rtf) тек Журнал платформасына жүктеу арқылы ұсынылады. Мөлшері – 14 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет тізімі, кестелер мәтіні – 12), қаріп – Times New Roman, мәтінді туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – 1.0, абзацтық үстеу – 1,25 см, жиектері: барлық жағынан – 2 см-ден.
Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар мәтінде нөмірлеу мен атауын көрсете отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, сурет 1 – сурет атауы, кесте 1 – атауы). Суреттер, кестелер, графиктер және диаграммалардың саны мақаланың жалпы көлемінің 20 % -ынан аспауы тиіс (кейбір жағдайларда 30 % -ға дейін рұқсат етіледі).
Суреттер (графиктер, сызбалар және т.б.) қара-ақ немесе жоғары сапалы түрлі түсте орныдалады. Суреттердің қысқаша тақырып аты болуы тиіс, ол суреттегі кескіндерге нақты сипаттама береді. Суреттердің тақырып аттары иллюстрацияларда орналаспауы тиіс. Графика түріне қарамастан, суреттердің ажыратымдылығы жоғары, дюймға 600 нүктеден төмен болмауы тиіс. Суреттердің ең үлкен өлшемі 120 × 210 мм. Мақалада сканерленген немесе интернеттен алынған графикалық материалдарды пайдалануға болмайды. Кестелерде, суреттерде, формулаларда символдарда, белгілерде айырмашылық болмауы тиіс. Суреттерге және кестелерге сілтемелер болуы тиіс.
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
Барлық ұсынылған материалдар келесі талаптарға сай болуы керек.
- Материал авторларға арналған нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес келеді;
-
Материал бұрын еш жерде жарияланбаған және басқа ғылыми журналда қарастырылмаған;
-
Барлық пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтемелердің дәлдігі мен толықтығы тексерілген;
-
Барлық кестелер мен сызбалар нөмірленіп, сәйкесінше тақырыптармен (атаулармен) қамтамасыз етілген;
-
Қолжазбамен бірге ұсынылған барлық фотосуреттерге, деректер жиынтығына және өзге де қосымша материалдарға жариялауға тиісті рұқсаттар алынған.
Құпиялық туралы мәлімдеме
Осы журналдың веб-сайтында енгізілген есімдер мен электрондық пошта мекенжайлары тек журнал белгілеген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа мақсаттарда қолданылмайды әрі үшінші тұлғаларға берілмейді.
Open content is licensed under the CC-BY