Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы саясат

         Журнал редакциясы ғылыми қолжазбаларды дайындау, жазу және ұсыну барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалануға қатысты төмендегідей саясатты белгілейді. Аталған саясат жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің Committee on Publication Ethics (COPE) қолданыстағы ұсынымдары мен нұсқаулықтарына сәйкес әзірленді.

  1. Авторлық және үлес қосу

         Ешбір жағдайда жасанды интеллект жүйелері автор немесе қосалқы автор ретінде көрсетілмейді.

  1. Сапа және академиялық адалдық

         Ұсынылатын барлық ақпарат қолжазбаны редакцияға жіберер алдында мұқият тексерілуі тиіс.

  1. Этикалық қағидаттар

         Авторлар жасанды интеллект құралдарының көмегімен жасалған немесе өңделген кез келген ақпарат үшін (мәтіндер, суреттер, кестелер, бағдарламалық кодтар немесе аналитикалық материалдар) толық жауапкершілік көтереді.

         Жасанды интеллект арқылы алынған барлық нәтижелер қолжазбаны ұсынар алдында мұқият тексеріліп, нақтыланып және авторлар тарапынан расталуы қажет. ЖИ пайдалану салдарынан туындаған кез келген қателіктер, жаңсақ немесе жаңылыстыратын мәлімдемелер, дәйексөздердің бұрмалануы немесе жалған дереккөздер үшін жауапкершілік толықтай авторларға жүктеледі.

         Жасанды интеллект көмегімен жазылған мәтінді ғылыми дәлел ретінде ұсыну жарияланым этикасын өрескел бұзу болып табылады.

  1. ЖИ құралдарын пайдалану

         Журнал ЖИ тек көмекші құрал ретінде пайдалануға рұқсат береді, атап айтқанда:

  • грамматиканы, орфографияны және тілдің айқындылығын жақсарту;
  • сызбалық немесе тұжырымдамалық визуализациялар әзірлеу;
  • ғылыми мазмұнды өзгертпей мәтіннің оқылуын арттыру.

         Жасанды интеллект құралдарын эксперименттік деректер алу, нәтижелерді бұрмалау, жалған сілтемелер жасау немесе талдау қорытындыларын манипуляциялау мақсатында пайдалануға қатаң тыйым салынады.